+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 200-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды

2020 жылғы 23 қазан 03:08
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 200-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 21-23 қазан аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда автобус тасымалдаушылары жалдау ақысын арзандатуды талап етті Алматыда қоғамдық көліктерде маска режимін бұзған мыңнан астам жолаушы анықталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шараның мақсаты - қоғамдық көліктегі құқық бұзу деректерін анықтау, автобус жүргізушілерінің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 247 жүргізушіні анықтады.

«Рейске шыққан автобустардың 12-сі міндетті техникалық бақылаудан өтпеген. Ал 17 автобустан шығатын зиянды түтін бекітілген нормадан асып кеткен. Сонымен қатар маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 43 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 40-қа жуық жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін жазаланды», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан бөлек, 330-дан астам автобустың электр жабдықтарының жай-күйі тексерілді.

Қоғамдық көлікті техникалық ақауы болғанына қарамастан рейске шығарған бес автобус паркінің басшысы жауапқа тартылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT