Шығыс Қазақстанда 20 порнографиялық сайт анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Anti-fraud» шарасының мақсаты – ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 қылмысты ашты.

«Сондай-ақ бұрын жасалған 30 қылмыстық іс аяқталды. Интернетте жасалған мониторинг жұмыстары нәтижесінде 20 порнографиялық сайт анықталған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Осы ретте, департамент өкілдері тұрғындарға барынша абай болып, бейтаныс адамдарға ақша аудармай, өз банк картаңыздың деректерін ешкімге жібермеу қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар