Шығыс Қазақстанда 2 гектарға жайылған орман өрті ауыздықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2 гектарға жайылған орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамызда «Өскемен орман шаруашылығы» КММ-ге қарасты Серебрянск орманшылығы аумағында өрт шыққан.

Жалын ормандағы ағаштарды шарпыды.

«Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер мен орманшылар тілсіз жаумен күресті. Өрттің жалпы аумағы 2 гектарды құраған. Көп ұзамай от толықтай өшірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 адам мен 4 техника, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ 9 қызметкері мен 2 техникасы, МИ-2 тікұшағы, жергілікті атқарушы орган өкілдері және 2 десантшы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оттың шығу себебі анықталып жатыр.



Соңғы жаңалықтар