Шығыс Қазақстанда 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше «102» жедел арнасына қоңырау шалған Долон ауылының тұрғыны қызының жоғалғанын жеткізді. 19 жастағы Наталья Пашкеева 3 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Қызды іздеуге волонтерлер де тартылған. Наталья Пашкееваның бойы 170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ақшыл сары. Жоғалған күні үстінде сұр жемпір, көк джинсы және ақ кроссовка болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары бойжеткеннің қайда екендігін білетіндер болса «102» немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар