Шығыс Қазақстанда 18 колледж лицензиясын өз еркімен қайтарып берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 18 колледж лицензиясын өз еркімен қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментің басшысы Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, жыл басынан бері жалпы білім беретін мектептерге профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және білім беру қызметіне лицензия беру жұмыстары жүргізілген.

«Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы 18 колледж 41 мамандық бойынша лицензияны өз еркімен қайтарып берді. 2020 жылдың 10 айында департаментке лицензия беру мәселелері бойынша 114 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 62 өтініш қанағаттандырылып, 46 өтінішке бас тартылды. Қазірде 6 өтініш қаралу үстінде», – деді Зейнеп Махсутова.

Білім туралы құжаттарға апостиль қою қызметі қаңтар-қазан айларында 561 өтініш келген. 497 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде 394 – жоғары білім, 94 – кәсіптік-техникалық білім және 94-жалпы орта білім туралы құжат.

2020 жылдың 14 наурызынан бастап облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін қашықтан білім беру технологиялары қолжетімді болуына мониторинг жүргізудеміз. Мониторингпен 71 колледж және 7 ЖОО қамтылды. Кейбір колледждерде интернеттің жылдамдығы төмен екендігі анықталды. Бүгінгі күні бұл мәселе шешілді, - деді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, департамент қызметкерлері ҰБТ және облыстағы педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде бақылау жүргізді.

«Тестілеуді өткізу барысында студенттер мен оқытушылар тарапынан бұзушылық фактілері тіркелді. Ұялы телефондарды пайдалану салдарынан 21 түлек тестілеуге жіберілмеді. Тыйым салынған заттарды алып кіруге байланысты 47 тест нәтижесінің күші жойылды. Педагогтар тарапынан ұялы телефондарды пайдаланудың 26, шпаргалкаларды пайдаланудың 31 жағдайы және тест сұрақтарын алып шығудың 4 фактісі тіркелді. Нәтижесінде тест қорытындылары жойылып, 24 педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Зейнеп Махсутова.



Соңғы жаңалықтар