+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 15 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

2020 жылғы 25 қараша 06:50
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 15 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта 15 ПТР-зертхана жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды Өткен жылы күндізгі стационарда 1 млн-нан астам адам емделді – Болат Төкежанов Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ

Өңірдегі ПТР-зертханалар күн сайын тұрғындардан сынамалар алып, зерттеулер жүргізуде. Сондықтан бұл зертханалардың жұмысын толықтай қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерінің сапалы жүргізілуі басты назарға қойылған. ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференция барысында облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев бүгінде аймақ бойынша жұмыс істеп тұрған жеке және бюджеттік зертханаларды атап өтті.

«Шығыс Қазақстанда 7 жеке зертхана зерттеулер жүргізеді, олар: «InVitro+» КДЕ, «ОЛИМП КДЗ» ЖШС, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС, «Aqualab» зертханасы, «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» ЖШС және Ақтоғай кентіндегі модульдік зертхана. Бұл ретте, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС және «Aqualab» зертханасында биологиялық материал алу пункттері ғана жұмыс істейді, ал зерттеулердің өзі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі», - деді ол.

Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, облыстық және аудандық ауруханалар базасында зерттеулер жүргізетін 8 мемлекеттік зертхана бар. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемендегі Ұлттық сараптама орталығы және оның Семей қалалық бөлімшесі, Өскемендегі №4 қалалық аурухана, сондай-ақ Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT