Шығыс Қазақстанда 1400-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясы басталғалы бері 1 423 медицина қызметкері қауіпті дертке шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді.

«Пандемия басталғалы Шығыс Қазақстанда барлығы 1423 медицина қызметкері қауіпті дерт жұқтырды. Оның ішінде 8 адам қайтыс болған. Бұл жағдайлардың 745-і өңірлік комиссияда қаралып, соның шешімі бойынша 631 факті бір жолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру бойынша ҚР ДСМ бұйрығының талаптарына сәйкес келетін болып шықты», - деді ол.

Асқар Хорошаштың айтуынша, біржолғы әлеуметтік төлемді өңірлік комиссия мақұлдаған барлық медицина қызметкерлері, оның ішінде көз жұмған 8 дәрігердің отбасы алды.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» енген. Өңірде шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылды.

15 қарашада ШҚО-дағы Алтай қаласы да карантинге жабылған.


Соңғы жаңалықтар