Шығыс Қазақстанда 14 адам карантинде жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 14 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.

«Өңірде 20 ақпаннан бастап 1А санатындағы елдерден келген 79 адам карантиндік стационарға жатқызылған. Бүгінде оның 65-і шығарылды. Яғни, қазір карантинде 14 адам қалды. Олардың арасында Қытайдан, Италиядан, Германиядан және Оңтүстік Кореядан келгендер бар. Үйде 8 адам оқшауланған», - дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да күніне 100 мың дана медициналық маска шығарылатыны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар