+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ

2020 жылғы 30 қазан 12:31
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптаса бастады – Бақытжан Сағынтаев Алексей Цой карантин шаралары туралы: Шекарадағы бақылауды әлсіреткен жоқпыз Алматыда «қызыл» аймақтың карантиндік шектеулері тағы 7 күнге созылады

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 қазандағы №23 қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжатта жазылғандай, қала және аудан әкімдеріне денсаулық сақтау басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшылары аймақ шекарасындағы 13 санитарлық посттың жұмысын қамтамасыз етуі керек.

«Санитарлық посттар Алматы (1), Қарағанды (1), Павлодар (2) облыстарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жолдардағы «Ауыл», «Уба» өткізу пункттерінде (Шемонаиха ауданында – 1, Бородулиха ауданында – 1) және Өскемен қаласында (7) қойылады. Посттардың жұмыс режимі мен мерзімі COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген қаулыда.

Десе де облыс тұрғындары Өскеменнен басқа аудан-қала аралығында еш кедергісіз жүре алады. Ал еліміздің басқа аймақтарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір азаматтары бес күн бұрын жұмыс берушінің қаражаты есебінен COVID-19-ға сынама тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар, ғимарат пен үйді жалға алып, мерекелік және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 1 қарашадан бастап блокпостар қою жоспарланып отырғандығы хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT