Шығыс Қазақстан жолдарының 89%-ы қанағаттанарлық жағдайда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының 89%-ы қанағаттанарлық жағдайда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жол жөндеу жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров мәлім етті.

«Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 15 учаскеде жүргізілген. Әсіресе, автокөлік қозғалысы неғұрлым жоғары шекара маңындағы аудандарға басымдық берілді. Атап айтқанда, «Мақаншы-Жалаңашкөл», «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Күршім-Қалжыр», «Таврия-Каменка-Тройницкое», «Күршім-Ақсуат-Жолнұсқау», «Согорное-Барлық-Ақсу», «Семей-Курчатов» тасжолдары мен бірнеше ауылдың кіреберісі орташа жөндеуден өтті», - деді ол.

Сондай-ақ биыл «Үлкен Нарын-Күршім» тасжолына асфальт төсеу жұмыстары өз мәресіне жеткен. Нұрбек Тұраровтың айтуынша, осы жылы жолдарды күтіп-ұстауға 4,3 млрд теңге бөлінді.

Жалпы, өңір бойынша аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың 89%-ы қанағаттанарлық жағдайда.


Соңғы жаңалықтар