Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі болып Дулат Қажанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дулат Зайсанбекұлы 1984 жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «мемлекеттік менеджмент және жергілікті басқару», ал 2011 жылы осы оқу орнын «экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2007-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бөлімінің жетекші маманы;

2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіп және өндіріс кешенін талдау секторының бас маманы;

2010-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;

2013-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары;

2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі қызметін атқарып келген.





Фото : gov.kz


Соңғы жаңалықтар