Шығыс Қазақстан облысының үздік ауыл әкімі анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының үздік ауыл әкімі болып Раушан Мұсаболинова таңдалды. Ол Алтай ауданы Северное ауылдық округін басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізіледі. Осыған орай байқауда Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын әкім анықталды.

«Өңірлік комиссияның қорытынды отырысында конкурсқа қатысуға құжат тапсырған үміткерлермен онлайн форматта кездесу өткізілді. Әкімдер өздерінің жоба жұмыстарын қорғап шықты. Конкурсқа қатысқан әкімдердің ішінен өңірлік комиссияның шешімі бойынша Раушан Мұсаболинова жеңімпаз деп танылды. Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімі барлық сыннан сүрінбей өтіп, өзін тек жақсы қырынан көрсетті», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Алмагүл Асылғазина.

Енді ол қыркүйек-қазан айларында өтетін республикалық конкурста өңір атынан бақ сынайтын болады.


Соңғы жаңалықтар