Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы қызметіне Қанат Тұрдиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Абдусалимұлы 1964 жылы 9 қаңтарда Абай ауданында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін «Дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993-1996 жылдары ҚММИ-да аспирантурада оқыған. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқытушы мамандығынан бастап, 2001 жылға дейін аға оқытушы, кафедра доценті, Шығыс бөлімі деканының орынбасары қызметтерін атқарды.

2001-2005 жылдары – Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР Мемлекеттік шекарасындағы радиациялық бақылау қызметінің бас маманы.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы бойынша ҚР ҚМ Кедендік бақылау департаменті ҚР Мемлекеттік шекарасындағы бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің басшысы.

2007-2015 жылдары – Қазақстан Республикасындағы «Халлибуртон Интернэшнл Инкорпорейшн» мұнай компаниясының (АҚШ) Шығыс Каспий өңірі бойынша филиалының өнеркәсіптік санитария және радиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы.

2015-2018 жылдары – ҚР ДСМ СЭҚК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалының директоры.

2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ДСМ СЭҚК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.


Соңғы жаңалықтар