Шығыс Қазақстан облысының әкімі бастаған делегация Түркияда болып қайтты

None
None
ТАМБҰЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияда Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынас орнауының 20 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуді жалғастыруда.

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының әкiмi БердібекСапарбаев Түркия Республикасының Бурса аймағында болды. Бұл сапардың негiзгi мақсаты Шығыс Қазақстан мен Бурса аймағының арасындағы қарым-қатынасты нығайту жөнiндегi хаттамаға қол қою және Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына байланысты шаралар өткiзу. Бурса - Түркиянын Ыстамбұл және Анкарадан кейiнгі ең үлкен қаласы екенiн айта кету керек. Бұл қала тарихи мұралар және фабрикаларымен танымал. Бурса аймағы Түркиянық автомобиль өнеркәсiп ауданы. Мұнда Түркиядағы автомобиль секторының 60 пайызын қамтамасыз ететiн өнеркәсiп орындары бар.

Екi күнгi сапарында Б.Сапарбаев Бурса губернаторы Ш.Харпут, Бурса мэрі Реджеп Алтепе, Өнеркәсiп және сауда палатасының өкiлi Али Хызыр мырзамен жүздесті. Бұл кездесулерде Қазақстан және Түркия, Шығыс Қазақстан облысы және Бурса арасындағы сауда, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларға байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында экономикалық және әлеуметтік, мәдени ынтымақтастықты тереңдету үшiн 50-ден астам компания басқарушыларымен келiсiмдер жасалды.

Сонымен қатар Қазақстан және Түркия кәсiпкерлерi Түркиядағы Елшiлiк пен Бурса Сауда және өнеркәсiп палатасының ұйымдастыруымен болған бизнес-форумға қатысты.

Сондай-ақ Қазақстанның танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді. Түрік көрермендері «Барыш Манчо» атындағы салонда өткен концерттен үлкен әсер алды.

Бурсада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотосурет көрмесі көпшіліктің қызығушылығын туғызды.

Соңғы жаңалықтар