Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда сағат 07:17-де Шығыс Қазақстан облысының «Коршунова-Черемшанка» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген жылқы үйірін байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді басқан. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан пойыз 8 жылқыны қағып кетті.

Пойыз оқиғаға байланысты 19 минут кідірді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді.

М.Айтуғановтың айтуынша, оқиға орнына Риддер станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Өткізілген тиісті іс-шаралардың нәтижесінде үй жануарларының иесі, ШҚО Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды.


Фото:polisia.kz


Соңғы жаңалықтар