Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала әлі табылмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар Темірлан Ахмеджанов әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта да іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел штаб құрылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпарат алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады», - делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, Өскемен қаласында 12 жасар бала түнде үйден шығып кеткен. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар болған. Жасыл түсті аяқ киім киген.



Соңғы жаңалықтар