USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстан облысында жабық жолдар ашылды

2021 жылғы 8 желтоқсан 10:01
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстан облысында жабық жолдар ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдағы шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да инвесторлар есебінен 735 үй салынып жатыр ШҚО-да шекаралық аудандарды дамытуға 43 млрд теңге жұмсалды ШҚО-да әкімдерге жемқорлықпен күрестің жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚО филиалы ақпаратына сай, 8 желтоқсан күні сағат 08:00-де республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымында (Глубокое ауданы мен Шемонаиха ауданының арасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына енгізілген шектеулер алынды», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы хабарламасында.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні ауа райының құбылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар тасжолында көлік қозғалысы шектелген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT