Шығыс Қазақстан облысында үйінен қашып кеткен 16 жасар қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үйден қашып кеткен бойжеткен ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 ақпанда сағат 11:00-де Алтай қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға хабарласты.

Оның айтуынша, 16 жастағы қызы үйден таңертең сағат 9-дар шамасында кетіп, сол күйі оралмаған.

Анасы кәмелет жасына толмаған қызының қайда және не үшін кетіп қалғанынан бейхабар.

Алтай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу бойжеткенді іздеуге кіріскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында қолайсыз отбасылар, притондар, педофилдер, нашақорлар, маскүнемдер мен бұрын сотталған адамдар тексерілді.

«Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің шатырларын, жертөлелерін және қараусыз қалған ғимараттарды да қарап шықты. Нәтижесінде бір сағаттың ішінде қыз аман-есен табылып, үйіне жеткізілді», - дейді ШҚО ПБ бастығы Сағат Мәдиев.

Оның не себепті үйден кеткені анықталуда. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар