+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстан облысында мешіт пен шіркеуге баруға тыйым салынды

2020 жылғы 6 сәуір 08:53
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстан облысында мешіт пен шіркеуге баруға тыйым салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының діни ғимараттарына баруға шектеу қойылып, мешіттер мен шіркеулерде діни рәсім өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұған дейін аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстағы діни конфессия өкілдерімен кездесу өткізіп, онда коронавирустың алдын алу мақсатында енгізілген уақытша шектеу шаралары талқыланған.

Діни бірлестік басшылары Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан енгізілген уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрап, олардың әрбір отбасы мен ел болашағын қауіптен сақтау үшін қолданып отырған шара екенін түсіндірді. ШҚО бас имамы Ермек Мұқатай мен Өскемен және Семей епископы Амфилохий дінге сенетін адамдарға үйде дұға ету жөнінде кеңес берді.

Қазіргі кезде діни ғимараттарда тек діни бірлестік басшылары мен техникалық жұмыскерлер бар. Ғимарат бөлмелері күн сайын дезинфекциялануда.

Дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, өткізілген мониторинг облыс тұрғындарының енгізілген шектеулерге үлкен жауапкершілікпен қарағанын көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT