Шығыс Қазақстан облысында мектептерді жөндеуге 11 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында мектептерді жөндеуге 11 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы аталған өңір әкімі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу мен карантин шараларын енгізу қадамдары білім беру жүйесіне әсер етті. Педагогтарға қысқа мерзімде қашықтан білім беру әдісіне бейімделуге тура келді. Осы орайда компьютері жоқ балалар білім беру бағдарламасынан тыс қалмауы үшін қажетті шаралар атқарылды», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, облыс мектептеріне қосымша 33,7 мың компьютер сатып алынып, осы орайда компьютерлік парк 54 мыңға дейін артты.

Жалпы білім алушылардың 90 пайыздан астамы интернет желісіне қосылды.

«Облыста үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешілді, биыл үш мектепті пайдалануға бердік. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының арқасында 394 жалпы білім беретін нысынын жөндеуден өткіздік. Осы мақсатқа 11 млрд теңге бағытталып, бұл өткен жылдарға қарағанда бес есе артық», - деді Д. Ахметов.

Бұдан бұрын хабарланғандай ШҚО әкімі оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайларына түсінік берді.



Соңғы жаңалықтар