Шығыс Қазақстан облысында малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды - АШМ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында малдың құтырма ауруы тұрақтандырылып, таралу қаупі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдеуінше, Шығыс Қазақстан облысындағы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында 22 және 23 шілдеде ШҚО құтырма ауруы туралы тараған хабарламаға түсініктеме берді.

әПривольное ауылында 11 бас ірі қара мал өлімі тіркелген. Оның төртеуінен зертханалық нәтижелер бойынша құтырма ауруының өлімге себеп болғандығы анықталды. Бір сынамадан теріс нәтиже көрсетті. Қалған алты жағдай бойынша қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жалғасуда: люминесцентті микроскопиядан теріс нәтижелер алынды, ақ тышқандардың биосынамасына бақылау жалғасуда (құтырма ауруын зерттеу 30 күнге созылады)», делінген хабарламада.

Привольное ауылындағы барлық жануарларға, соның ішінде ірі қара малға, жылқы мен иттерге жедел егу, жеке аулаларда дезинфекциялық емдеу жүргізілді, жануарлардың өлексесі өртелді.

«Нәтижесінде, аймақта соңғы 10 күн ішінде ауырған мал өлімі тіркелген жоқ. Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында.

Айта кету керек, құтырма ауруынан өлген мал иелеріне келтірілген залалдың шығыны өтеледі. Өтемақы алу үшін банктік шоттың нөмірі мен жеке куәлігін көрсету қажет. Ал, мал иесі екенін растайтын және оның өлу себебін анықтайтын құжаттарды жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары береді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар