+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші қандай

2021 жылғы 22 қыркүйек 17:33
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы аптада Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың таралуы 0,5 пайызға төмендеді.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда соңғы үш айда коронавирустан 225 адам қайтыс болған ШҚО-да 2022 жылы майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады Қазақстанда жылына 150 адамның жүрегін ауыстыру қажет - Юрий Пя

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың таралуына байланысты жағдай біртіндеп тұрақтануда. Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында барлығы 43528 КВИ жағдайы тіркелді, оның ішінде 33617 жағдай (77%) клиникалық симптомдармен, 9911 жағдай (23%) симптомсыз. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 3193,5 (республикалық көрсеткіш – 4633,8) құрады», - деді Ш. Бұқтұғұтов.

Оның айтуынша, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 0,5 пайызға төмендегені байқалды. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақта орналасқан. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша тәулік ішінде КВИ-дің 103 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 91-інің клиникалық белгілері бар.

«Медициналық көмек көрсету үшін облыста 113 рентген-аппарат, 18 КТ кабинет жұмыс істейді. 12 медициналық ұйымда оттегі магистралдарын орталықтандыру және 24 оттегі станциясын орнату жүргізілген. Облыстың медицина ұйымдары 1182 оттегі концентраторымен, 1200 оттегі баллонымен, 630 ӨЖЖ аппаратымен, 609 төсек жанындағы монитормен, 4 ЭКМО аппаратымен жабдықталған», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, инфекциялық стационарлардың толық жүктемесі кезінде дәрілік препараттар мен жеке қорғаныш құралдарының қоры 2 айға жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT