Шығыс Қазақстан облысында карантин енгізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 18 сәуірден бастап карантин енгілілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Облыстық жедел штабтың шешімі бойынша 18 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап ШҚО аумағында карантин енгізіледі. Режим елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін созылмақ. Сол уақыт аралығында облыс аумағына кіріп-шығу мүмкіндігі шектеледі. Карантин кезінде кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерінің еңбекақысын сақтап, қашықтан жұмыс істеуге жіберуі керек. Осы ретте жедел штаб қызметін тоқтатуы тиіс кәсіпорындардың тізімін толықтырды», - дейді әкім.

Оның айтуынша, Өскемен мен Семейде енгізілген шектеулер кезінде кәсіп иелері қосымша көліктермен қамтамасыз етілген.

«Кейбір кәсіпкерлер рұқсаттаманы мақсатсыз пайдаланып жүр. Тіпті, рұқсат қағаздарының сатылғаны туралы нақты ақпараттар бар. Менің өтінішіммен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тексеру жүргізуде. Олар рұқсат қағаздарын беруде қызметін асыра пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесіп, тиісті шараларды қабылдайды», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар