Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні түсірілді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір аумағында қар көшкіні жүру қаупі сақталуда. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері мен құтқарушылар профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді.

«Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымындағы тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде 11 400 текше метр қар түсірілген. Бірден жолды қардан тазарту жұмыстары қолға алынды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері қар көшкіні қаупіне орай тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертті. Егер қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Соңғы жаңалықтар