Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа аудан құрылады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО облыстық мәслихатының депутаттары құрылатын Абай облысына, сондай-ақ Ақсуат және Самар аудандарына атау беруге дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдалымы өтті.

Жиынға қатысушылар Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына құрылатын Абай облысына, Ақсуат және Самар аудандарына атау беру туралы ұсыныс енгізуді талқылады.

Облыстық мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады.


Соңғы жаңалықтар