Шығыс Қазақстан облысында дала өрті жиілеп кетті - ТЖД

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс және мереке күндерінде 36 өрт тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күннің күрт ысып кетуінен облыстың барлық аудандарында дала шөбі өртенуі жиілеп кетті. Демалыс күндерінде жалпы саны 36 өрт фактісі орын алған.

«Қызыл жалын аса үлкен аумақты шарпымады. Тілсіз жау жайлы хабар түскен сайын өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына аттанып отырды. Көктем кезінде күнге тез кебетін былтырғы қураған шөп лезде отқа оранатынын ұмытпауымыз керек. Қоқыс жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандарға ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖ департаменті өрт шыққанын байқап қалған тұрғындардан бірден «101» нөміріне хабарласуын сұрайды.



Соңғы жаңалықтар