Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жолдарда автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, желдің ұйытқи соғуынан және көрінудің шектеулігіне байланысты бірқатар жолдарда автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, Омбы-Майқапшағай, Семей-Ақмектеп (778-1168 шақырым), Қалжыр-Теректі (22-124 шақырым), Алматы-Өскемен автожолы, Аягөз-Өскемен (778-1079 шақырым), Өскемен-Зырянов-Рахманов бұлақтары, Өскемен-Северное учаскесі (0-46 шақырым), Өскемен-Шемонайха-Ресей Федерациясының шекарасы (0-123 шақырым), Семей-Қайнар (8-284 шақырым), Өскемен-Семей (8-198 шақырым), Семей-Ресей Федерациясының шекарасы (Барнаул бағытында, 2-113 шақырым) бағыттарындағы жолдарда көліктердің қатынасына шектеу қойылған. Сондай-ақ Бұғаз өзені арқылы өтетін көпірдің шайылып кетуіне байланысты Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, Тарбағатай-Бұғаз автожолы да жабылды.

Соңғы жаңалықтар