Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам нысан Ashyq жобасына қатысуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам нысан «Ashyq» жобасына қатысып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде 26 сәуірде іске қосылған Ashyq жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген.

Бұл әр азаматтың қауіпті дертке шалдыққанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өңір бойынша 617 нысан аталған жобаға қатысуда. Оның ішінде 152-сі тест режимінде жұмыс істеп жатыр.

«Облыста QR-кодтар («check-in») бойынша ең көп кіретін 30 ұйым анықталды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында - 15 қоғамдық тамақтандыру орны, 1 кинотеатр («MaxOn Cinema» кинотеатры) және 1 бильярд клубы («Империя» бильярд клубы»), Семей қаласында - 9 тамақтану орны, 2 фитнес-зал, Абай атындағы театр және «Qazyna Cinema» кинотеатры бар», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Өскемен және Семей шаһарлары қазір «сары» аймақта орналасқандықтан, бұл нысандар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істей алады.


Соңғы жаңалықтар