Шығыс Қазақстан облысында 470 қару заңсыз айналымнан алынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 470 қару тәркіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде атыс қаруын қолдануға қатысы бар 21 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 12 жағдайда қару-жарақ заңсыз сақталған.

Тәртіп сақшылары барлық фактілер бойынша тергеу амалдарын жүргізді.

«Қылмыстың алдын алу мақсатында биыл облыс аумағында екі рет «Қару» шарасы қолға алынған. Соның нәтижесінде 9 мыңнан астам шаруа қожалығы тексерілді. Полицейлер қаруды заңсыз сақтаудың 125 фактісін анықтаған. Азаматтық қару иелеріне 25 мың тексеру жүргізілді» дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 470 қару-жарақ заңсыз айналымнан тәркіленген. Оның ішінде 72 мылтық, 1365 оқ-дәрі және 2 келі жарылғыш зат бар.


Соңғы жаңалықтар