Шығыс Қазақстан облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 09.01-де жерасты дүмпуін тіркеді. Жер асты дүмпулері Өскеменде сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 847 шақырым қашықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1, тербелісі – 4.2. Жер сілкінісі ошағының координаттары – 49.63° с.ш. 82.82° в.д. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісі Өскемен қаласында сезілді», - деп хабарлады «Алматы» ОСО кезекші операторы.


Соңғы жаңалықтар