Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақтағы өңір саны бес облысқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.


Соңғы жаңалықтар