Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Активке өзінің жаңа орынбасары Азамат Мұхамедчиновты таныстырған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның кәсіби тәжірибесіне тоқталып, жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Мұхамедчинов 1978 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. 2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2013 жылы

«Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы орта мектепте мұғалім болып бастады. 2001 жылдан 2008 жылға дейін Риддер қаласындағы көпсалалы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының мұғалімі. 2008-2012 жылдар аралығында «Мәдениет сарайы» КМҚК директоры, Риддер қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.

2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2020

жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар