Денис Рыпаков Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды

Автор:  
Талғатжан Мұхаметбекұлы

Денис Рыпаков Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы болып Денис Рыпаков сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласында VIII сайланған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Онда депутаттар мәслихат төрағасы етіп Денис Рыпаковты сайлады.

Рыпаков Денис Сергеевич 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998-2006 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 2001 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2019-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. 2021 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.





Серіктестер жаңалықтары