Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында 1 мың га алқап өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында дала өрті өршіп тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«9 тамыз күні сағат 20:00-де Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне Күршім ауданы Құйған ауылынан 15 шақырым жерде далалы алқап өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 800 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Департамент жанынан жедел штаб құрылып, тілсіз жауды ауыздықтауға 39 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды», – дейді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


Сондай-ақ 9 тамыз күні сағат 10:20-да Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің Масақпай мал жайылым учаскесіндегі дала өрті туралы хабарлама түскен. Мұнда 280 гектарда құрғақ шөп тұтанған.

«Өртті сөндіруге облыстың төтенше жағдай қызметінің жеке құрамынан 52 адам және 12 техника, орман шаруашылығы қызметінен 14 адам және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құрылымдарынан 120 адам және 22 техника тартылды», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.


Соңғы жаңалықтар