Шығыс Қазақстан мектептеріне жаңа оқулық енгізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Оқу құралы Елбасы ұсынған «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Келесі оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан облысының 5-7-інші сынып оқушылары Алтай тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігі, таңғажайып географиялық және тарихи нысандары туралы сиясы кеппеген «Өлкетану» оқулығынан біле алады.

Кітапты өңірдегі оқытушыларға оның авторлары, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қызметкерлері - Жанна Әубәкірова, Альбина Жанбосынова және Элеонора Столярова таныстырды.

«Былтыр ҚР Білім және ғылым министрлігі туған өлке тарихын қоса оқып үйренуді көздейтін оқу бағдарламасын әзірледі. Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын кеңейтіп, байыту үшін оқулықты орта білімнің жаңартылған мазмұнына сай етіп қазақ және орыс тілдерінде жаздық», - дейді Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанна Әубәкірова.

Жаңа кітап қазіргі заманның талабына жауап береді. Авторлардың айтуынша, оқулық балаларды отаншылдыққа тәрбиелеумен қатар олардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Оқулық әсіресе, тарих пәні ұстаздарына пайдалы. Кітаптан алынған ақпаратты олар сабақта ғана емес, оқушылармен бірге музейлерге, киелі орындарға экскурсияға шыққанда да қолдана алады», - дейді Ж. Әубәкірова.null 

Авторлар ұжымы алдағы уақытта оқу құралына арнайы электрондық қосымша және қосымша материалдарды әзірлеуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, кітапты жазуға жергілікті ғалымдардан тыс, педагогтар, суретшілер, музыканттар, музей және архив қызметкерлері де өз үлестерін қосқан.

 

 

Соңғы жаңалықтар