Шығыс Қазақстан ауылдарындағы 156 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы баспанаға мұқтаж

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда 156 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы баспанаға мұқтаж, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінде өңірдегі тұрғын үй құрылысы мәселесі талқыланды. Осы тамыз айында 16,7 мың шаршы метр үй пайдалануға берілмек. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда107,8%-ға өсіп отыр.

«Қазіргі уақытта халық арасында жер үй салуға деген сұраныс зор. Сондықтан мен барлық қажетті инфрақұрылымы бар учаскелерді талдауға және оларға коммуникация жүргізу үшін қажетті бюджет шығындарын есептеуге тапсырма бердім. Бүгінде ауылдарда тұрғын үйге мұқтаж 156 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы тұрады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, халықтың осы санаттары үшін төрт түрлі үй жобасын дайындау және осы жобаларды іске асыруға ниетті құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізу қажет.


Соңғы жаңалықтар