Шығыс Қазақстан ардагерлері қасиетті жерлерге саяхат жасады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның еңбек ардагерлері Ұлан ауданындағы ежелгі неолит кешеніне саяхат жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік ақпарат орталығының мәлімдеуінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында облыс ардаргерлеріне тарихи жерлерге тегін экскурсия ұйымдастырылды. Тарихи ескерткіштер мен петроглифтерге, обсерваторияларға облыстың ардагерлері мен зейнеткерлері ерекше қызығушылық танытты.

Ұлан ауданында ежелгі дәуірден сыр шертетін көптеген тасты массивтер, адырлар, ежелгі петроглифтер мен суреттер саяхатшылардың назарын аудартады.

Неолит дәуіріне тән Ақ бауыр ғибадатханасы тек шығыс өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның танымал қасиетті орындарының бірі. Дәл осы жерде адамдар өздерінің діни салттарын жасаған. Экскурсия да осы жерден басталды.

Одан шығып ардагерлер Абылайкет ғибадатханасына барды.

Ал экскурсия соңында саяхатшылар Сібін көлдеріне барып, онда дастарқаннан дәм татты, сондай-ақ ардагерлерге арнап музыкалық қойымлымдар қойылды.

«Бүгін әрі тарихи, әрі танымдық саяхатқа шыққанымызға қуаныштымыз. Осындай бастаманы қолдағаны үшін басшылыққа алғыс білдіреміз. Әлі біздің көптеген жоспарларымыз бар, алдағы уақытта Абай ауданына барамыз», - дейді ШҚО ардагерлері кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев,

Ардагерлер кеңесі өкілдерінің айтуынша, осындай шаралар қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал етіп, еліміз тарихына үңілуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар