«Шығыс Ақпарат» медиа-компаниясына жаңа басшы келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші ақпараттық ұйым «Шығыс Ақпарат» ЖШС-ға жаңа басшы болып Серік Жеңісов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Шығыс Ақпарат» ЖШС-ға қарасты облыстық «Дидар» газетінің тілшілері Фейсбуктегі парақшаларында жазды.

Айта кетерлігі, «Шығыс Ақпарат» компаниясына облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттері, «Алтайньюс» жаңалықтар порталы, бірнеше аудандық газет, танымдық және ғылыми журналдар кіреді.

Айта кетейік, компанияны бұған дейін Ирина Якунина басқарған болатын. 

Серік Жеңісұлы ШҚО-ның Қатонқарағай ауданында дүниеге келген. Бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұрынғы қызметінде облыс әкімі жанындағы Жастар кеңесінің жұмысын жандандырып, азаматтық қоғам институттарының қызметтерін үйлестіріп келді.

Облыстық газет республикалық байқауларда жеңімпаз атанған кездері аз емес. 2006 жылы Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдызын» иеленсе, 2007 жылы Президент грантына қол жеткізген. 

Соңғы жаңалықтар