Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кімдер үміткер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен отырыс өтіп, онда 28 қазанға белгіленген шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңының 101 бабына сәйкес шығып қалған мәслихат депутаттарын сайлау бір мезгілде, қазанның соңғы жексенбісінде, яғни 2018 жылдың 28 қазанына тағайындалды. Ағымдағы сайлау науқанында шығып қалған мәслихат депутаттары сайлау бойынша 83 бос округ бар. Оның ішінде 12 облыстық, 9 қалалық, және 62 аудандық мәслихат депуттары сайланады. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бос округтер Түркістан облысында және Алматы мен Шымкент қаласында жоқ.

Сайлау науқаны барысында 284 кандидат ұсынылды. Оның 203-і ер, 81-і әйел адам. Кандидаттардың орташа жасы - 41,5. 250 кандидаттың жоғары, 28-інің орта арнаулы және алтауының орта білімі бар.

Тіркелген кандидат саны - 249. Оның 177-сі ер, 72-сі әйел адам. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы - 41,8. 219 кандидаттың жоғары, 24-інің орта арнаулы және алтауының орта білімі бар.

Тіркелген кандидаттардың барлығы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен. Үгіт-насихат жұмыстары 26 қазан күні сағат 00-00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар