Шығарындылардың 77%-ы энергетика секторына тиесілі – Зүлфия Сүлейменова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергия өндіру тәсілдерін трансформациялау экономика үшін де, энергияға қол жеткізу үшін де маңызды. Оны тиімді әрі үнемдеп қолданған абзал. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Париж келісімі мақсатына жету жөніндегі жаһандық күн тәртібін толық қолдайды. Оның дәлелі еліміздің 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекітуі. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу энергияны өндіруден және пайдаланудан шығарындыларды декарбонизациялау, энергияны пайдаланумен байланысты емес, сондай-ақ көміртекті сіңіру мен өтемақыны арттыру шаралары арқылы қамтамасыз етіледі. Парниктік газдар шығарындыларының ұлттық инвентаризациясында климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар тобының жіктеуіне сәйкес шығарындылардың 77%-ы энергетика секторына тиесілі», - деді Зүлфия Сүлейменова елордада өтіп жатқан III ECOJER халықаралық конгресінде.

Министрдің мәлімдеуінше, энергия өндіру тәсілдерін трансформациялау экономика үшін де, энергияға қол жеткізу үшін де маңызды.

«Бұл орайда жаңартылатын және баламалы энергияға көшіп, оның үлесін арттыру қажет. Сонымен қатар энергия көздерін тиімді әрі үнемдеп қолдануды әдетке айналдырған жөн», - дейді ведомство басшысы.

Одан бөлек, еліміздің бас экологы көміртекті өндіру және сақтау технологияларын электрлендірудің маңыздылығына тоқталып өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада III ECOJER халықаралық конгресі өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар