Шығарылғанына 10 жылдан асқан автобустарды Қазақстанда тіркеуге тыйым салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығарылғанына 10 жылдан асып кеткен автобустарды алғашқы тіркеуге тыйым салу енгізіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 1 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулары енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Аталған заңмен жүргізушілер жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын өзімен бірге алып жүрмеуіне болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жүргізушіде аталған құжаттар болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту алынып тасталды.

«Сонымен қатар шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды Қазақстанда алғашқы тіркеуге заңмен тыйым салады. Бұл норма келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жүргізушінің орнынан басқа 8 орындықтан астам орны бар барлық автобусқа қатысты», - деді Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар