Швейцариямен арадағы бағалы метал бұйымдар жөніндегі келісім бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкімекті мен Швейцария арасындағы бағалы метал бұйымдар жөніндегі келісім ратификацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.


Фото: t.me/aqorda_resmi

Соңғы жаңалықтар