Швейцариялық компания Головкиннің құрметіне сағат шығармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Hublot компаниясының бас директоры Рикардо Гвадалупе Laaficion.com-ға берген сұхбатында таяу күндері сатылымда WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне қолсағат пайда болатынын айтты, деп жазады Sports.kz.

Белгілі болғандай, сағаттар алдымен Мексикада сатылып, кейін әлемдік нарыққа шығады.  Hublot пен WBC ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылы қол қойған болатын, содан бері бірлесіп белсенді жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ Hublot «Баварии», «Челси», «Ювентус», Пеле, Кобе Брайант пен  Усэйн Болт, т.б. танымал спортшылардың құрметіне сағат шығарған.

 

Соңғы жаңалықтар