Швейцариялық инвесторларға жан-жақты жәрдем беруге дайынбыз – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан швейцариялық инвесторларға жан-жақты жәрдем беруге дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз Қазақстан нарығында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған швейцариялық ірі компаниялар басшыларының ақпараттарын тыңдадық. Маурер мырзамен біздің тарапымыздан олардың мұнан ары Қазақстанда жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатындығы туралы келістік. Өткен жылдың қорытындысында өзара тауар айналымы 3 млрд доллардан асып жығылды. Бұған қоса, келіссөздер барысында тауар айналымы құрылымында шикізаттық емес компонентерді кеңейту пайдасына әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі туралы пікірге келдік. Бұл инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты. Бізге жаңа жоғары технологиялық зәкірлік жобалар қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инновациялық өндіріс құруға, жоғары технология, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, фармацевтика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға үлкен сұраныс бар екендігін айтты. Машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, көлік пен логистика, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегі зор екендігіне назар аудартты.

«Швейцарияның негізгі қаржылық орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін ескере болсақ, қаржылық қызмет саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Осыған орай біз »Астана« халықаралық қаржы орталығының Швейцарияның қаржы секторымен өзара іс-қимылының келешегі зор екендігін атап өттік. Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік, алып нарығы бар Қытаймен көршілестік және Орталық Азияның келешегі бар нарықтарына шығу мүмкіндігі барлық уақытта да Қазақстанның экономикалық тартымдылығының маңызды факторы болып келді. Біз швейцариялық инвесторларға іргелес нарықтарға соңғы өнімді экспорттауға мүмкіндік беретін Қазақстанда бірлескен өндіріс ошағын ашу бойынша қызығушылық танытқан жобаларына жан-жақты жәрдем беруге дайынбыз», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар