Швейцариялық Credit Suisse банкінің акциялары 25%-ға құлады

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Швейцария ұлттық банкі «Credit Suisse» банкіне жедел өтімділік ұсынуға дайын екенін мәлімдеді, себебі банк акциялары сәрсенбі күні күрт құлаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қаржы нарығын бақылайтын швейцариялық мекеме (FINMA) мен Швейцария ұлттық банкі (SNB) бөлек мәлімдеме жасады.

Екі орган да АҚШ-тағы кейбір банктердің мәселелері Швейцария қаржы нарығына тікелей қауіп төндірмейтінін айтты.

«Швейцария қаржы мекемелерінің капитал мен өтімділігіне қойылатын қатаң талаптар олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Credit Suisse» банкі жүйелі маңызды банктердің капитал мен өтімділігіне қойылатын талаптарын орындайды. Қажет болған жағдайда Швейцария ұлттық банкі «Credit Suisse»-ді өтімділікпен қамтамасыз етеді», - делінген қаржы нарығын бақылау ұлттық органының мәлімдемесінде.

«Credit Suisse» акциялары саудай-саттық жабылатын сәтте 25%-ға, акциясына 1,69 швейцар франкіне дейін төмендеді.


Соңғы жаңалықтар