Швейцарияда қарт адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцариялықтар арасында дәріханалардан тегін алуға болатын Covid-19 экспресс-тест көп қолданылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Ай сайын оларға өзін-өзі тестілеудің бес жинағы ұсынылады. Бағдарлама наурыздың ортасында бастау алды. Цюрих қаласында алғашқы күндердің өзінде өзінде 100 000-нан астам тест жасаған.
«Үйіңде өз бетіңше жасай алатының жақсы. Жеке тестінің аса мағынасы жоқ екенін білемін, дегенмен барлығы жасап жатса, пайдасы болар», - дейді Цюрих қаласының тұрғыны.
Осылайша Швейцария билігі жағдайды өзгертіп, шектеулерді шешу процесін тездетуге тырысты. Халықты осылай тестілеу кампаниясы 1 млрд швейцария франкіне бағаланды. Нәтиже оң болған жағдайда, ПТР тапсыру керек.
Сонымен қатар Швейцарияның денсаулық сақтау министрлігі 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынып жатқанын хабарлады.
- «Ashyq» : Ақтөбеде 200-ден астам бизнес субьектісі жұмысын кедергісіз жүргізе алады
- Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
- Вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алды – Еурокомиссия президенті
- Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ
-
Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді
-
Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам