+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Швейцарияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуде

2021 жылғы 24 маусым 19:16
Бөлісіңіз:
Швейцарияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған - Түркістан облысы Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

Швейцарияда 26 маусымда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды. Сондай-ақ, азаматтар өзінің екпе салдырғандығын растайтын куәлікті, COVID-19 инфекциясынан сауығып шықандығы туралы немесе ПТР тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынған жағдайда, мейрамханаларға келушілердің және жаппай іс-шараларға қатысушылардың санына қойылған шектеулер алынып тасталмақ. Шенген аймағындағы басқа елдердің азаматтары Швейцарияға келгеннен кейін енді карантинге жатуға міндетті емес. Бірақ Үндістаннан, Ұлыбританиядан және коронавирустың жаңа нұсқалары қарқынды таралып жатқан елдерден келетін азаматтар үшін шектеулер күшін жойған жоқ.

Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталғандықтан шаһарда шектеу шаралары енгізілді. Бұл шаралардың локдаунға жатпайтындығын атап өткен жөн. Билік өкілдері мұндай әрекеттің «сақтық шаралары» екендігін айтты. Мектептер мен дүкендер ашық қалса да, әлеуметтік байланысқа қойылған шектеулер алынған жоқ. Осылайша, 100-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады. Іс-шараларға қатысушылардың барлығы өзара 1-2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT