+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Швейцарияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары шығарылды

2020 жылғы 12 ақпан 08:36
Бөлісіңіз:
Швейцарияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары шығарылды

БЕРН. ҚазАқпарат – Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейдегі Абай музейі оқушыларға онлайн-саяхат ұйымдастырды Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, пошта маркаларын шығару бастамасын Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі көтерген. Дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданатын болады. Сондай-ақ оларды Швейцария бойынша тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетсек, аталмыш елде халықаралық филателиялық көрмелер бірнеше рет өткен болатын. Бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары елдің басты брендтері саналады. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.

«Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты», - делінген СІМ мәліметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT