Швейцарияда 8 айдың ішінде алғаш рет COVID-19 вирусынан өлім жағдайы тіркелген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 маусым күні Швейцарияда былтырғы жылдың қазан айынан бері COVID-19 вирусынан бірде бір өлім оқиғасы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы мәліметтер Швейцарияның Денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланды.

Соңғы рет COVID-19 вирусынан қайтыс болған адамдардың болмауы өткен жылдың 3 қазанында тіркелген .

Швейварияда қауіпті инфекциядан 10 268 швейцариялық азамат көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Швейцарияда COVID-19 вирусын жұқтырудың 717 жаңа оқиғасы тіркелді. Пандемия басталғалы, коронавирус індеті 696 213 адамнан анықталды.

Қазіргі кезде Швейцарияның 8,54 миллионға жуық тұрғыны ішінде 1 750 400 адам толық вакциналанды.



Соңғы жаңалықтар