Швейцария тау шаңғысы туризмі саласында жинақталған мол тәжірибесімен бөлісуге дайын - елші

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мауро Рейнмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыс мәселесі талқыланды. Алматы әкімі қаланың Қазақстанның қаржы, мәдени, білім орталығы екендігін және мұнда тау шаңғысы туризмінің дамып келе жатқандығын жеткізді.

«Бізде Швейцариямен мықты достық байланыс қалыптасқан. Соның арқасында Алматыда 36 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Біз бұл байланысты одан нығайта отырып, Швейцария кәсіпкерлерімен байланысты күшейтетін боламыз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Мауро Рейн Алматының келбетіне таңданып, іскерлік байланысқа өте қызығушылық білдірді.

«Алматының туристік әлеуеті өте жоғары, әсіресе тау шаңғысы саласында. Біз мұнда мейманхана бизнесінің, көлік инфрақұрылымының қанат жайғандығын көрдік. Біз сіздермен тау шаңғысы туризмі саласында жинақталған мол тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі.

Соңғы жаңалықтар